"Қазақстан балалары -көктем шақырады" көктемгі каникулға арналған жоспар аясында наурыздың 24-і "Табиғат күні" оқушылар үйлеріндегі бөлме өсімдіктерін күтудің қыр сырын аналарынан үйреніп, қай гүлді қалай күтіп баптау керектігін білді.
Көктемгі каникулға арналған "Қазақстан балалары -көктем шақырады" бағдарламасының аясында 23 наурыз "Жоралғы күні" әжелер мен аналар өз қолдарымен жасалған бұйымдарын немерелері мен балаларынажоралғы ретінде тарту етті
26.02.2021ж.
Бейнеролик «Қазақстанның әр аймағы ,мемлекетіміздің дамуына зор үлесін қосқан адамдар»
03.12.2019 ж.
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты бiрыңғай ашық сабақ
Алқаағаш негiзгi мектебi
бойынша Тұңғыш Президент күнiне арналған «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты бiрыңғай ашық сабақтың есебi
Қарашаның 29 күнi Алқаағаш негiзгi мектебiнде Тұңғыш Президент күнiне арналған «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты бiрыңғай ашық сабақ өткiзiлдi. Ашық сабақ 9 сынып оқушыларымен өткiзiлдi. Ашық сабақты өткiзген Муканов Орман Тұрғынұлы. Ашық сабаққа ауылдың қадiрлi азаматы, еңбек ардагерi, зейнеткер Бекмағанбетов Аманбек Қадыркешұлы және мектеп ұстаздары қатысты.
20.11.19
Балалар үшiн бәрiмiз бiрге
Алқаағаш негiзгi мектебi.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық кампания аясында «Балалар үшiн бәрiмiз бiрге» акциясы өткiзiлдi.
Бұл iс-шарада «Балалар үшiн бәрiмiз бiрге» атты әдемi жаднамалар таратылды. Бұл жаднамада «Әрбiр бала құқылы», «Адам құқыларының жалпыға бiрдей декларациясы» туралы, Бала құқығы туралы халықаралық конвенциядан мәлiметтер жазылды.
Тоғызқұмалақ ойынын 7-8 сынып оқушылары ойнап, жеңiмпаздар анықталды. Қыздар бес асық ойнады. 6 сыныптың ұлдары конструктор және пазлдар құрастырды.
19.11.19
Бала құқығы. Тәрбие сағаты
Алқаағаш негiзгi мектебi.
«Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» республикалық кампания аясында «Бала құқығы» тәрбие сағаты өткiзiлдi.
Мейiрiмдi жүрекпен,
Ақпейiлдi тiлекпен,
Амандасып алайық
Бiр жадырап қалайық
деп басталған iс-шара барысында ұстаздар Бала құқығы туралы айтылды. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларымен бөлiстi. Зорлық-зомбылықтың баланың мiнез-құлқына әсер ету ерекшелiктерi туралы айтылды. «Бiлiмдi ұрпақ — ел ертеңi» (сұрақ-жауап) айдарында оқушылар сұрақтарға жауап берiлдi. «Сандар сыры» айдары бойынша оқушылар бiр-бiрiне сұрақтар қойып, қызығушылықпен жауап бердi. Әр баланың құқығы бойынша тақтаға оқушылар суреттер жапсырып қорытындылады.
19.11.19
Медициналық қызметкер балалармен. «Бала құқығы — адам құқығы» онкүндiгi
Алқаағаш негiзгi мектебi
«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» республикалық кампания аясында
«Медициналық қызметкерлер — балаларға» акциясы өткiзiлдi.
Мектеп медицина қызметкерi Габдуллина Л.Б. мектеп оқушыларының денсаулықтарын, бойларын, салмақтарын және қан қысымын өлшеп, тексеруден өткiздi. Оқушыларға ақысыз медициналық консультациялар берiлiп, көмектер көрсетiлдi. Салауатты өмiр салты бойынша жадынамалар таратылды.
18.11.19
Бала құқығы — адам құқығы
Алқаағаш негiзгi мектебi
бойынша Дүниежүзiлiк балалар күнiне арналған «Бала құқығы — адам құқығы» онкүндiгiне өткiзiлген iс-шараның есебi
Алқаағаш негiзгi мектебiнде қарашаның 18 күнi 9 сынып оқушыларымен «Бала құқығы — адам құқығы» онкүндiгiне арналған «Бала құқығы — заман талабы» тақырыбында тәрбие сағаты өткiзiлдi. Тәрбие сағатын өткiзген құқық пәнi мұғалiмi Р.М. Шайжанов. Тәрбие сағатының барысында бала құқықтары туралы слайд көрсетiлiп, оқушылар өздерiне құқықтық тәрбие туралы ақпарат алды.
13.11.19
Дүниежүзiлiк балалар күнi. «Қазiргi және болашақ. Әрбала үшiн қорғалған балалық шақ»
Алқаағаш негiзгi мектебi
бойынша «Дүниежүзiлiк балалардың құқығын қорғау» күнiне
арналған сабақ туралы мәлiмет
Мектепте қарашаның 13 күнi «Қазiргi және болашақ: Әр бала үшiн қорғалған балалық шақ» тақырыбында 1-9 сынып аралығында ашық сабақ өткiзiлдi. Экраннан балалар құқығы жайлы слайдтар көрсетiлiп, түсiнiктемер берiлдi. Балалардың туған күнiнен бастап қандай құқықтарға мiндеттi екенiн тарих пәнi Шайжанов Р.М. айтып өтсе, Қазақстан Республикасының Конституциясында бала құқығы жайлы, сондай-ақ дәл қазiр және болашақтағы қандай заңмен құқықтарды сақтап, бiлiп өмiр сүру керектiгi жайлы мектеп директорының оқу iсiнiң меңгерушiсi Б.К. Жумагулова түсiндiрдi. Әрбiр бала өз құқығын қорғау үшiн оны бiлу қажет екендiгi туралы сөз қозғалып,түрлi ойлар айтылды.